Балабақша – барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы іспеттес. Мұндағы тәрбие мен білім балалардың табиғи мінезін, қабілетін ерте жастан дамытады. Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.
Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз тәрбиемен, біліммен қамту әрбір тәрбиеші, ұстаздың басты мақсаттарының бірі болуы тиіс. Балабақша – келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Сондай талаптарға сай үздік балабақшалардың бірі – «САМҰРЫҚ» бөбекжай балабақшасы.
Меңгеруші: Сейткасимова Динара Сейдуллақызы Санаты: жоқ Жалпы өтілі: 2ж Педагогикалық еңбек өтілі: 2ж Білімі: жоғары Оқу орны: Қ.инженерлі-пед. Халықтар достығы унив
Тәрбиеші: Муртаза Арайлым Санаты: жоқ Жалпы өтілі: жоқ Педагогикалық еңбек өтілі: жоқ Білімі: орта арнаулы Оқу орны: Арыстанбаб коледжі
Тәрбиеші: Намазбаева Фарангис Санаты: жоқ Жалпы өтілі: жоқ Педагогикалық еңбек өтілі: жоқ Білімі: орта арнаулы Оқу орны: Арыстанбаб коледжі